"Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ "Казахстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering) Ұлттық компаниясы" АҚ XS0997708051 (KZENe1) халықаралық облигациялары бойынша биржада маркет-мейкері мәртебесі берілді

03.12.13 17:56
/KASE, 03.12.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2013 жылдың 03 желтоқсанындағы шешімімен, "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ Алматы) өтініші негізінде "Казахстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering) Ұлттық компаниясы" АҚ XS0997708051 (KASE ресми тізімі, "рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KZENe1; $200,0 млн, 03.12.13 – 03.12.16, жартыжылдық купон жылдық 4,55 %; 30/360) халықаралық облигациялары бойынша биржада маркет-мейкері мәртебесі берілді. Маркет-мейкер өз міндеттеріне аталмыш облигациялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап кіріседі. [2013-12-03]