"Казахстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering) Ұлттық компаниясы АҚ (Қазақстан) XS0997708051 (KZENe1) халықаралық облигациялары 03 желтоқсаннан бастап KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

03.12.13 16:51
/KASE, 03.12.13/ – Бұдан бұрын жарияланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2013 жылдың 31 қазанындағы шешімімен KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "Казахстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering) Ұлттық компаниясы АҚ (Астана XS0997708051 ($200,0 млн, 03.12.13 – 03.12.16, жартыжылдық купон, жылдық 4,55 %, 30/360) облигациялары енгізілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2 тармақшасындағы шарттарды орындауына байланысты, 2013 жылдың 04 қарашасынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. Жетекші менеджер және букраннері Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance", UBS AG, London Branch және VTB Capital Plc болып табылады. Аталмыш облигациялардың тіркеушісі Citigroup Global Markets Deutschland AG (Франкфурт). Аталмыш облигацияларға қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) KZENe1 берілген. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kzen мекен-жайы бойынша жарияланады. [2013-12-03]