"Қазақстан Даму Банкі" АҚ Банк Басқармасы төрағасының міндетін атқарушысы етіп А. Достияровты тағайындағаны туралы хабарлады

03.12.13 15:50
/KASE, 03.12.2013/ –Облигациялар Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана, одан әрі цитатада – Банк), биржаға (KASE) ресми хатпен төмендегі хабарламаны ұсынды: Директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес 2013 жылдың 26 қарашасынан бастап Банк басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Асқар Достияров, Басқарушы директор – "Байтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" мүшесі (одан әрі- Холдинг) болып тағайындалды. Холдингтің Директорлар кеңесінің шешіміне сәцйкес Асқар Достияров жоғарыда аталған лауазымдарды бірге атқарады. [2013-12-03]