"Альянс Банк" АҚ (Қазақстан) өз Басқармасының құрамы өзгергені туралы хабарлады

29.11.13 17:38
/KASE, 29.11.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Альянс Банк" АҚ (Алматы), биражға жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: "Альянс Банк" АҚ Директорлар кеңесінде 2013 жылдың 27 қарашасында "Альянс Банк" АҚ Басқармасының жеке құрамын бекіту және Басқарма Төрағасының орынбасары (CRO) - "Альянс Банк" АҚ Басқарма мүшесі, "Альянс Банк" АҚ Басқарма мүшесінің Басқарушы директорын бекіту туралы күн тәртібінде мәселе қаралды. Мәселенің қаралу нәтижесі бойынша Директорлар кеңесі бірауыздан шешім қабылдады: 1. Марат Амангелдіұлы Джаукеновті 2013 жылдың 27 қарашасынан 2014 жылдың 26 қарашасына дейін бір күнтізбелік жыл мерзімге Басқарма Төрағасының орынбасары (CRO) - "Альянс Банк" АҚ Басқарма мүшесі етіп сайлансын. 2. Ерлан Төлегенұлы Тұяқбаев 2013 жылдың 27 қарашасынан 2014 жылдың 26 қарашасына дейін бір күнтізбелік жыл мерзімге Басқарманың басқарушы директоры – Басқарма мүшесі етіп сайлансын. [2013-11-29]