2013 жылдың 30 желтоқсанында "Альянс банкі" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

29.11.13 16:19
/KASE, 29.11.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Альянс банкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға 2013 жылдың 30 желтоқсанда сағат 15:00-де банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізіледі деп хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы; - 2010 жылдың 09 наурызындағы № 15/10 банктің акционерлерінің шешімімен бекітілген банктің жарғысына өзгертулер енгізу туралы; - Банктің Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін мерзімінен бұрын тоқтату туралы; - Банктің Директорлар кеңесінің мүшелерін саулау туралы. Осы жиналыс: Алматы қ., Фурманов көш., 50 мекен-жайы бойынша өткізіледі. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 14:00-ден бастап 15:00 - ге дейін жасалады. Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2013 жылдың 29 қарашасындағы жағдай бойынша құрастырылды. Кворум жиналмаған жағдайда банк акционерлерінің жалпы жиналысы 2013 жылдың 31 желтоқсанда жоғарыда берілген мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіне қатысты материалдармен: жиналыстың өтуіне кемінде он күн қалғанға дейін Алматы қ., Фурманов көш., 50 мекен-жайы бойынша таныса алады. [2013-11-29]