"Фридом Финанс" АҚ KASE жедел нарығына мүшелікке қабылданды

29.11.13 15:16
/KASE, 29.11.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Биржалық кеңесінің 2013 жылдың 28 қарашасындағы шешімімен, "Фридом Финанс" АҚ Алматы) KASE жедел нарығына мүшелікке қабылданды. "Жедел нарық мүшесі" санаты бойынша мүшелік биржа сауда-саттығына туынды қаржы құралдарымен қатысуға құқық береді. [2013-11-29]