29 қарашадан EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC (ENRC, Біріккен Корольдігі) GB00B29BCK10 (GB_ENRC) жай акциялары бірінші санаттан KASE ресми тізімінің үшінші санатына ауыстырылды

28.11.13 17:42
/KASE, 28.11.13/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының шешімімен 2013 жылдың 29 қарашасынан бастап EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC (ENRC, Біріккен Корольдігі) GB00B29BCK10 (GB_ENRC) жай акциялары бірінші санаттан KASE ресми тізімінің үшінші санатына ауыстырылды. "RESMI" компаниялар тобы" АҚ 2013 жылдың 22 қарашсындағы KASE тексеру қорытындысы бойынша Алматы қаласы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі Төрағасының "Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда-саттық алаңының тізіміне кіргізілетін немесе кіргізілген бағалы қағаздардың эмитенттеріне, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар туралы" 2008 жылдың 08 мамырындағы № 04.2-09/119 бұйрығының Қосымшасы талаптарын және бірінші санаттағы акциялардың еркін айналымдағы саны бойынша листинг талаптарына сәйкессіздігі анықталды. 2013 жылдың 22 қазандағы жағдай бойынша аталмыш акциялар EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC барлық бұрын орналастырылған аталмыш акцияларды сатып алу себебінен аталмыш акциялар еркін айналымға түспеген, ол аталған Қосымшаның 4 тармағы 9 тармақшасының талаптарына сәйкес келмейді. Жоғарыда баяндалған жайлар негізінде және Листингілік комиссияның KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 16 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына сәйкес аталмыш акциялар KASE ресми тізімінің бірінші санатынан үшінші санатына ауыстырылды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізімінің "A" санатына 2018 жылдың 03 сәуірінен бастап енгізілген, ал 2011 жылдың 21 желтоқсанынан бастап бірінші санатына ауыстырылды. Олардың сауда-саттығы 2008 жылдың 07сәуірінен бастап ашылды. [2013-11-28]