2013 жылдың 28 қарашасынан бастап GB00B29BCK10 (GB_ENRC) EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC (Ұлыбритания) жай акцияларына фьючерстер бойынша сауда-саттық шұғыл жабылды

28.11.13 16:09
/KASE, 28.11.13/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Басқармасының шешімімен 2013 жылдың 28 қарашасынан бастап EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC (ENRC, Лондон) GB00B29BCK10 (KASE ресми тізімі, бірінші санат, GB_ENRC) жай акцияларымен 2013 жылдың желтоқсанында (F_GB_ENRC1312) және 2014 жылдың наурызында (F_GB_ENRC1403) орындалуымен фьючерстер бойынша сауда-саттық шұғыл жабылды. Аталмыш шешім ENRC жай акцияларын келісімшарттардың базалық активінен – KASE Индексінің өкілеттік тізімінен алып тастау үшін қабылданды.. Бұрын хабарлағандай, 2013 жылдың 22 қазанында "JAZZ CAPITAL" Брокерлік Үйі" (Алматы) биржада аталмыш акциялардың маркет-мейкері қызметін орындаудан бас тартты, ал 2013 жылдың 25 қарашасынан бастап аталмыш акциялар эмитенттің бастамасымен Лондон қор биржасының (LSE) тізімінен алынып тасталды. Мұндай жағдайлар KASE сауда-саттық жүйесінде олардың өтімділігінің бірден төмендеуіне, бағасының өсуіне және баға белгілеулер бойынша спредтердің артуына әкеп соқты. F_GB_ENRC1312 және F_GB_ENRC1403 бойынша мәміле жасалған жоқ, сауда-саттық жабылу сәтінде ашық позициялар болған жоқ. Фьючестердің ағымдық бағасы бір акцияға 431,70 және 438,60 теңгені құрады. Фьючерстердің ағымдық бағасы акцияға сәйкес. Басқарманың шешіміне сәйкес фьючерстерді EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC жай акцияларына саралаудың 2013 жылдың 28 қарашасынан бастап күші жойылған деп танылды. [2013-11-28]