2013 ЖЫЛДЫҢ 28 ҚАРАШАСЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ, KASE ИНДЕКСІНІҢ МӘНІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН, АКЦИЯЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЗГЕРТТІ

28.11.13 12:14
/KASE, 28.11.13/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен 2013 жылдың 28 қарашасынан бастап KASE индексінің өкілетті тізіміне енетін акциялардың жаңа параметрлері, – еркін айналыстағы акциялардың үлесі және шектеу коэффициенттері – анықталды. Төменде берілген кестеде KASE Индексінің мәніне ықпал ететін, акциялардың 28 қарашаға дейін қолданыста болған және жаңа параметрлері көрсетілген. -------------------------------------------------------------------------------- 2013 жылдың 28 қарашасынан бастап 2013 жылдың 28 қарашасына дейін -------------- ------- ------------ -------------- ------- ------------ орналас- free шектеу орналас- free шектеу Акцияның тырылған float коэффициенті тырылған float коэффициенті коды акциялар (Fi), % (Ri) акциялар (Fi), % (Ri) саны саны -------- -------------- ------- ------------ -------------- ------- ------------ CCBN 162 456 800 27,2 1,0000000 162 456 800 27,2 1,0000000 GB_KZMS 535 420 180 43,1 0,1773380 535 420 180 43,1 0,3230232 HSBK 10 911 224 990 20,6 0,3006239 10 911 224 990 20,6 0,6905880 KCEL 200 000 000 25,0 0,1908444 200 000 000 25,0 0,3638604 KKGB 778 625 062 7,3 1,0000000 778 625 062 7,3 1,0000000 KZTK 10 719 174 21,0 0,7142705 10 719 174 21,0 1,0000000 KZTO 384 635 599 10,0 0,7288369 384 635 599 10,0 1,0000000 RDGZ 67 693 075 36,3 0,0712456 67 693 075 36,3 0,1393018 -------------------------------------------------------------------------------- Осыдан басқа, Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің аталмыш шешімімен 2013 жылдың 28 қарашасынан бастап KASE Индексін есептеу барысында түзету коэффициентінің жаңа мәні (K) – 1,9352563 қолданылады. Аталған күнге дейін K - 0,9904049 тең болды. КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ KASE индексі – KASE акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті есептеу үшін өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін, олардың эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free float) бұл акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы акцияның KASE индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаулы акцияларымен мәміле жасау шамасына қарай сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері KASE индексін есептеуге қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында жасалмаса, мұндай есептесулер мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері қолданылады. Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_kaz.pdf мекен-жай бойынша жарияланған. Индекс беті http://www.kase.kz/kz/index_kase мекен-жай бойынша жарияланған. Акция коды: биржада сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын (алғашқы 4 таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер бесінші таңба "p" болса, онда артықшылықты акция); акция шығарылымының реттік нөмірі (қажет болған жағдайда, алтыншы сандық таңба) көрсетіледі. Эмитенттердің кодтары: CCBN – " ЦентрКредит Банкі" АҚ; GB_KZMS – KAZAKHMYS PLC; GB_ENRC – EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC; HSBK – "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ; KCEL –"Кселл" АҚ; KKGB – "Казкоммерцбанк" АҚ; KZTK – "Қазақтелеком" АҚ; KZTO – "КазТрансОйл" АҚ; RDGZ – "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ. Орналастырылған акциялар саны – листингілік компания акционерлерінің тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның ақпараты негізінде, қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік компанияның орналастырылған акциялар саны ретінде, KASE дербес түрде анықтайтын, параметр. Биржа KASE Индексін есептеу кезінде орналастырылған акциялардың биржадағы құжаттармен расталған санының мәнін ескереді. Free float (Fi), % – мемлекетке, эмитент менеджментіне және, эмитенттің жай акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі пайызына иеленген, акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен стратегиялық деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын институционалды инвесторлар, номиналды иелері және т.б.) акционерлерді қоспағанда, акциялардың саны ретінде KASE анықтайтын параметр. Шектеу коэффициент (Ri) – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын он бес пайызға дейін шектейтін, параметр. [2013-11-28]