"Альфа-Банк" Еншілес Банкі АҚ (Қазақстан) KZP02Y05C980 (KZ2C00002434, ALBNb3) 02 желтоқсанға жоспарланған облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттығынан кейінге қалдырылды

28.11.13 10:17
/KASE, 28.11.13/ – "Альфа-Банк" Еншілес Банкі АҚ (Алматы) KZP02Y05C980 (KZ2C00002434; KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, ALBNb3; 1 000 теңге, 4,5 млрд теңге; 04.11.13 – 04.11.18, жарты жылдық купон жылдық 7,00 %, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықта уәкілетті сатушысы болып табылатын "Альфа-Банк" Еншілес Банкі АҚ 2013 жылдың 02 желтоқсанына жоспарланған аталмыш сауда-саттықты кейінге қалдырылғанын Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хатпен хабарлады. "Альфа-Банк" Еншілес Банкі АҚ хабарламасына сәйкес сауда-саттық қанағаттанарлықсыз нарық жағдайларына байланысты кейінге қалдырылды. [2013-11-28]