/ҚАЙТАЛАУ/ 29 қараша күні Қазақстан қор биржасында "Орталық-Азия Электроэнергетикалық корпорациясы" АҚ (Қазақстан) KZP01Y10E533 (KZ2C00002426, CAEPb1) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттығы өткізіледі

28.11.13 09:13
/KASE,28.11.13, 21.11.13 жаңалығын қайталау/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде "Орталық-Азия Электроэнергетикалық корпорациясы" АҚ (Алматы) KZP01Y10E533 (KZ2C00002426; KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, CAEPb1; 100 тенге, 10,0 млрд тенге; 06.11.13 – 06.11.23, жарты жылдық купон жылдық 6,00 %, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. ----------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар түрі: купондық облигациялар Ұлттық сәйкестендіру номері: KZP01Y10E533 ISIN: KZ2C00002426 KASE сауда коды: CAEPb1 Номиналдық құны, теңге: 100,00 Шығарылу көлемі, млн теңге – тіркелген: 10 000,0 – орналастырылған: м/ж Төлеу күні: 29.11.13 Айналымның басталу күні: 06.11.13 Айналымның соңғы күні: 05.11.23 Өтеуді бастау күні: 06.11.23 Айналым мерзімі: 10 жыл (3 600 күн) Купондық мөлшерлеме: жылдық 6,50 %, жылжымалы Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 2 рет Купонды төлеуді бастау күні: 06 мамарда және 06 қарашада Уақытша база: 30 / 360 ------------------------------------------ ---------------------------- Жарияланған орналастыру көлемі, млн теңге: 2 000,0 Лот көлемі, дана 1 000 Сауда-саттық мәні: "таза" баға Сатып алуға өтінім беру түрлері: шектелімді Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 0 Өтінімдерді беру әдісі: жабық Өтінімдерді қабылдау кезеңі: 11:30–15:00 Өтінімдерді растау кезеңі: 11:30–15:00 Кесімді уақыт: 16:00 Төлем уақыты: 16:00 (Т+0) дейін Өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: қарсылама өтінімдерінің, кесімді бағаға тең, бағалары бойынша немесе сатушы үшін ұтымдырақ бағамен Сауда-саттықты өткізу бастамашысы: "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) Сауда-саттық жүйесі секторы: Debts_List_ST1 Сауда-саттық жүйесі тобы: Rated_ST1 ----------------------------------------------------------------------- Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны өтінімде лот санына тең болуы тиіс. Лот көлемі – 1 000 облигация. Өтінімнің көлемі ретінде, өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жиналған мүддені есептемегенде) көбейтіндісі белгіленуі тиіс. Мәміле, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған, көлемі облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Аталмыш облигациялар шығарылымы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі 2013 жылдың 10 қыркүйегінде жалпы сомасы 15,0 млрд теңгеге тіркеген, "Орталық-Азия Электроэнергетикалық корпорациясы" АҚ биржада листинг процедурасынан өткен, аталмыш эмитенттің "ішкі" облигацияларының бірінші шығарылымы болып табылады. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде көрсетілген төлеу уақытқа "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінімдер бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.kaz.pdf мекен-жайында орналасқан. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен hhttp://www.kase.kz/ru/bonds/show/CAEPb1 мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2013-11-28]