ҚҰБ ҚҚК "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Қазақстан) KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациялық бағдарламасы шығарылымының аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді

27.11.13 12:33
/KASE, 27.11.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы) KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, категория "буферлік санат" санаты, DTJLb1; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жарты жылдық купон, жылдық 6,35 %, 30/360) облигациялық бағдарламасы және 2013 жылдың 19 қарашасындағы бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті бірінші облигациялық бағдарламасы шығарылымының аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді; - аталмыш куәлік "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ мекен-жайының өзгеруіне байланысты ауыстырылды; - аталған облигациялардың шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне В67 нөмірімен енгізілді. Бірінші облигациялық бағдарламасы шығарылымының аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/DTJL/dtjlf9b1_izm_191113.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-11-27]