05 желтоқсан күні Қазақстан қор биржасында "Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес Банкі АҚ (Қазақстан) KZP01Y03E546 (KZ2C00002442, HCBNb1) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттығы өткізіледі

26.11.13 16:44
/KASE, 26.11.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2013 жылдың 05 желтоқсан KASE сауда-саттық жүйесінде "Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес Банкі АҚ (Алматы) KZP01Y03E546 (KZ2C00002442, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, HCBNb1; 1 000 тенге, 7,0 млрд тенге; 05.11.13 – 05.11.16, жылдық 8,50 % тиянақталған жарты жылдық купон, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп хабарлайды. --------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар түрі: купондық облигациялар Ұлттық сәйкестендіру номері: KZP01Y03E546 ISIN: KZ2C00002442 KASE сауда коды: HCBNb1 Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылу көлемі, млн теңге – тіркелген: 7 000,0 – орналастырылған: н/д Төлеу күні: 05.12.13 Айналымның басталу күні: 05.11.13 Айналымның соңғы күні: 04.11.13 Өтеуді бастау күні: 05.11.13 Айналым мерзімі: 3 жыл (1 080 күн) Купондық мөлшерлеме: жылдық 8,50 % Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 2 рет Купонды төлеуді бастау күні: 05 мамыр және 05 қараша Уақытша база: 30 / 360 ------------------------------------------ -------------------------- Жарияланған орналастыру көлемі, млн теңге: 7 000,0 Сауда-саттық мәні: "таза" баға Сатып алуға өтінім беру түрлері: шектелімді Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 0 Өтінімдерді беру әдісі: жабық Өтінімдерді қабылдау кезеңі: 11:30–13:00 Өтінімдерді растау кезеңі: 11:30–13:00 Кесімді уақыт: 1500 Төлем уақыты: 15:00 (Т+0) дейін Өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: кесімді баға бойынша Сауда-саттықты өткізу бастамашысы: "Halyk Finance" АҚ Еншілес ұйымы (Алматы) Сауда-саттық жүйесі секторы: Debts_List_ST1 Сауда-саттық жүйесі тобы: Rated_ST1 --------------------------------------------------------------------- Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны данада берілген облигациялар санына тең болуы тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде, өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жиналған мүддені есептемегенде) көбейтіндісі белгіленуі тиіс. Мәміленің көлемі, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған, Облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес, есептеледі. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде көрсетілген төлеу уақытқа "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінімдер бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/ru/bonds/show/HCBNb1 мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2013-11-26]