"Қазақстан Даму Банкі" АҚ банктің рейтингілік бағасын Fitch Ratings агенттігі растағаны туралы хабарлады

26.11.13 15:50
/KASE, 26.11.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана) биржаға (KASE) бүгін 2013 жылдың 25 қарашасындағы баспасөз-хабарламасын ұсынды: Fitch Ratings Қазақстан Даму Банкінің (ҚДБ, Банк) дефолт эмитентінің ұзақ мерзімді рейтингін шет елдік және ұлттық валютамен "BBB" және "BBB+" деңгейінде растады. Болжам – "Тұрақты". Банктің рейтингі қажет болған жағдайда, Қазақстан Үкіметінен ("BBB+"/болжам "Тұрақты") қолдау алу мүмкіндігіне байланысты. Fitch пікірі бойынша, бұл Банктің жүргізілген саясаттағы маңызды роль атқаруына байланысты, Банктің меншік иесі мемлекет болып табылады. [2013-11-26]