"HALYK FINANCE" АҚ "КАЗАХСТАН ИНЖИНИРИНГ" (KAZAKHSTAN ENGINEERING) аҚ ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ ЕУРООБЛИГАЦИЯЛАРЫН АЛҒАШҚЫ ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯЛАДЫ

25.11.13 15:47
/KASE, 25.11.13/ – "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы, тағырыптамада – "Halyk Finance" АҚ) Қазақстан қор биржасына (KASE) бүгін жолдаған ақпараттық хабарламасында былай деп мәлімдеді: "Қазақстан қор биржасы" АҚ биржа мүшелерінен жоспарланған "Казахстан Инжиниринг" (Kazakhstan Engineering) Ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі- Эмитент), көлемі 10,5 млрд. АҚШ долларын құрайтын, орта мерзімді Жаһандық Облигацияларды шығару Бағдарламасы шегінде, шет мемлекет заңнамасына сәйкес, шығарылған және тіркелген Еурооблигацияларының (Облигациялар) екі шығарылымын бастапқы орналастыруға қатысуға өтінімдер қабылдау басталғаны туралы хабарлайды. Инвесторлардан өтінімдерді қабылдау 21 қарашада, алғашқы индикативті жылдық кірістілігінің өтелім ауқымы "4,5%-4,875%". Эмитент өтінімдерді жинауды аяқтағаннан соң өтеуге кірістілігі бойынша кесімді бағаны "4,55%- 4,60%" деңгейінде белгіледі. Шығарылымның жалпы көлемі 403 млн. АҚШ долларын құрады (немесе шығарылымның жалпы көлемінен 5262 млн. АҚШ доллары) облигациялар бөлінді, бұл ретте, қазақстандық инвесторлардың, KASЕ арқылы берілген, өтінімдерінің көлемі 141 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстандық инвесторлардың өтінімдерінің жалпы көлемінде 28,4% зейнетақы қорларының, 35,5% – банктерге, 36,1% – брокерлік- дилерлік компаниялар мен олардың клиенттерінің үлесінде болды. Облигациялар шығарылымынң ақтық параметрлері төменде берілген. ---------------------------------------------------------------------- Эмитент: "Казахстан Инжиниринг" (Kazakhstan Engineering) Ұлттық компаниясы" Болжамды рейтингтері: BBB- (Fitch), Ba2 (Moody’s) Номиналды құны бойынша шығарылым сомасы: U.S. $200,000,000 Есеп айырысу датасы: 3 желтоқсан 2013 жыл Өтеу датасы: 3 желтоқсан 2016 жыл Орналастыру бағасы: 100% Купон мөлшерлемесі: жылдық 4,55% Купонды төлеу датасы: әр жылдың 3 желтоқсанында және 3 маусымында Орналастырғандағы өтеуге кірістілігі: жылдық 4,55% Купон сомасын есептегендегі уақыттық базасы: 30/360 Шығарылым форматы: Бағалы қағаздар туралы АҚШ Заңының Ережесі / S Қағидасы Деноминация: U.S. $200.000 немесе U.S. $1.000 еселі үлкенірек номинал Бірлескен Жетекші "Halyk Finance" АҚ, UBS AG, London Branch, Менеджерлер және VTB Capital Plc Букраннерлер: Облигациялардың мәртебесі: қамтылмаған басқы Реттейтін құқық: Ағылшын құқығы Листинг: KASE, Ирлан қор Биржасы ---------------------------------------------------------------------- [2013-11-25]