22 қарашадан бастап KASE қайталама нарық секторында "Орталық-Азия Электроэнергетикалық корпорациясы" АҚ (Қазақстан) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылады

21.11.13 18:08
/KASE, 21.11.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2013 жылдың 22 қарашадан бастап KASE қайталама нарық секторында "Орталық-Азия Электроэнергетикалық корпорациясы" АҚ (Алматы) KZP01Y10E533 (KZ2C00002426; KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, CAEPb1; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 06.11.13 – 06.11.23, жылжымалы жарты жылдық купон, ағымдық купондық кезеңге жылдық 6,00 %, 30/360)облигациялары бойынша сауда-саттық ашылады: KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза емес" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) атқарады. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2013 жылдың 06 қарашасынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE веб-сайтында www.kase.kz/ru/emitters/show/caep мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-11-21]