"Қазақстан Даму Банкі" ақ Басқрама құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады

20.11.13 11:45
/KASE, 20.11.2013/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана) биржаға (KASE) 2013 жылдың 19 қарашасындағы баспасөз-хабарламасын ұсынды: "Қазақстан Даму Банкі" АҚ Директорлар кеңесінің 2013 жылдың 14 қарашасындағы шешімімен (№147 хаттама) "Қазақстан Даму Банкі" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жетпісұлы Құсайыновтың өкілеттігі 2013 жылдың 25 қарашасынан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылды (протокол №147). Сондай-ақ Н.Ж.Құсайыновтың алған хабарламасын ескере отырып, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде өкілеттігі өз бастамасымен 2013 жылдың 14 қарашасынан бастап тоқтатылды. [2013-11-20]