"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Қазақстан) "БТА Банк" АҚ акцияларын сату бойынша "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ келіссөз жүргізу процесін аяқтағаны туралы хабарлады

19.11.13 15:30
/KASE, 19.11.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана), бүгін биржаға (KASE) баспасөз-хабарламасын ұсынды. "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ тарапынан келіп түскен "БТА банк" АҚ акцияларын сатып алу бойынша индикативті мәміле параметрлерін қарастырды. Халық банкі ұсынған шарттар "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ алдындағы міндеттерді шешуге толық жауап бер алмайды. Соның нәтижесінде БТА банк акцияларын сату мәселелері бойынша Халық банкімен келіссөздер тоқтатылды. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1206508 мекен-жайында танысуға болады. "Самұрық-Қазына" АҚ Қоғамдық байланыс департаменті [2013-11-19]