"Матен Петролеум" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ1C58290012 (KZ1C00000868, MATN) жай акциялары бойынша 2012 жылға дивиденд төлегені туралы хабарлады

18.11.13 16:13
/KASE, 18.09.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Матен Петролеум" АҚ (Алматы), 2013 жылдың 18 қарашасында биржаға жолдаған баспасөз-хабарламасында былай деп мәлімдеді: "Матен Петролеум" АҚ ("Қоғам") 15.11.2013 ж. болып өткен Қоғам акционерлерінің Жалпы жиналысының шешіміне сәйкес, Қоғамның жай акциялары бойынша 2012 жылға төленуі тиіс дивидендінің 13 008 395 000 (он үш миллиард сегіз миллион үш жүз тоқсан бес мың) теңге сомасындағы қалған бөлігін төледі. Ағымдағы күні Қоғам акционерлерінің Жалпы жиналысының хаттамасына сәйкес нақты төленген дивиденд бөлігінің жалпы сомасы 8 421 900 000 (сегіз миллиард төрт жүз жиырма бір миллион тоғыз жүз мың) теңгені құрады. Дивиденд қолма-қол ақашасыз акционерлердің – Қоғамның жай акцияларын ұстаушыларының банктік шоттарына ақша аудару арқылы жүзеге асырылды. [2013-11-18]