"Самұрық-Энерго" АҚ (Қазақстан) Standard & Poor's агенттігінің рейтингілік бағалауын растағаны және қоғамның рейтингілік болжамын қайта қарағаны туралы хабарлады

18.11.13 12:40
/KASE, 18.11.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самрук-Энерго" АҚ (Астана) биржаға (KASE), 2013 жылдың 15 қарашасында баспасөз-хабарламасын ұсынды: Standard&Poor's (S&P) халықаралық рейтинг агенттігі "Самұрық-Энерго" АҚ (Компания) болжамын "тұрақты" деңгейінен "негативті " деңгейіне ауыстырды. Компанияның ұзақ мерзімді несие рейтингі "BB+" деңгейінде, қысқа мерзімді несие рейтингі "B" деңгейінде және ұлттық шкала бойынша рейтинг "kzAA-" деңгейінде расталды. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1206373 мекен-жайында танысуға болады. [2013-11-18]