"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациялары бойынша сегізінші купонын төлеу бойынша берешегін жартылай өтегені туралы хабарлады

14.11.13 14:36
/KASE, 14.11.13/ – "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы) KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "буферлік санат" санаты, DTJLb1; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28, инфляция деңгейімен индекстелген жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 6,35 %, 30/36) инфрақұрылымдық облигацияларын ұстаушылардың өкілі болып табылатын "АТФБанк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: "АТФБанк" АҚ және "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (бұдан әрі – Эмитент) арасында жасалған 20.07.05 жылғы № 2 келісім-шарты негізінде, "АТФБанк" АҚ Эмитенттің 2013 жылдың 04 қарашасында "АТФБанк" АҚ төлеу агенті арқылы облигациялардың барлық ұстаушыларына 8-ші купондық кезеңге 98 096 381,20 (тоқсан сегіз миллион тоқсан алты мың үш жүз сексен бір) теңге 20 тиын көлемінде, есептелген сыйақының 8% мөлшерінде купондық сыйақының бір бөлігін төледі. [2013-11-14]