2013 жылдың 25 қарашасында "Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

12.11.13 15:35
/KASE, 12.11.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы" АҚ (Ақтау, бұдан әрі – компания) биржаға 2013 жылдың 25 қарашасында сағат 15:00-де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізіледі деп хабарлады. Жиналыстың күн тәртібінде 2012 жылдың жұмыс қорытындылары бойынша компанияның жетекші қызметкерлеріне сыйақы төлеу туралы жалғыз сұрақ қаралады. Осы жиналыс: Ақтау қ.,құс фабрикасының ауданы, компания офисі болып өтеді. [2013-11-12]