KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Біріккен Корольдік) Eurasian Resources Group B.V. (Eurasian Resources) компаниясынан ақша қаражаттарын және өзі акцияларын алғаны туралы хабарлады
11.11.13 17:35
/KASE, 11.11.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Лондон), биражға
2013 жылдың 11 қарашасында ұсынған баспасөз-хабарламасында былай
деп мәлімдеді:
цитата басы
Бұдан дейін ENRC компаниясындағы үлеске қатысты офертаның қаралуы
реттелген соң, Қазақмыс 2013 жылдың 8 қарашасында компания Eurasian
Resources Group B.V. (Eurasian Resources) компаниясынан Қазақмыстың
77 041 147 акциясын және шамамен 887 млн. АҚШ доллары мөлшерінде
ақшалай қаражат алғандығын хабарлайды. Қазақмыс Eurasian Resources
компаниясынан өзінің 77 041 147 акциясын Акцияларды кері сатып алу
туралы Ұсыныстардың шарттарына сәйкес, нетто-есептесулер
әдісіменесептелген £206 516 265 фунтқа шақтап алды. Кері сатып алынған
акциялар жойылады және олардың бірде-бірі қазынашылық акциялар
түрінде сақталмайды.
Жоғарыда аталған сатып алу жүзеге асырылған соң, Қазақмыстың иелігінде
458 379 033 қарапайым акция болады. 11 701 830 қарапайым акция
компанияның қазынашылығында сақталуда. Осылайша, шығарылған
акционерлік капитал 446 677 203 қарапайым акцияны құрайды
(қазынашылық акцияларды есептемегенде). Олар "бір акция – бір дауыс"
қағидатымен дауыс беру құқына ие.
Акционерлер жоғарыда аталған 446 677203 санын Айқындау және ашықтық
жөніндегі ережеге сәйкес, Қазақмыс компаниясы капиталындағы өз үлестері
туралы немесе олардың өзгеруі туралы хабарлама беру үшін анықтау ісінде
қорытынды сан ретінде қолдана алады.
Қосымша ақпарат алу үшінмына телефондарға хабарласыңыз:
Қазақмыс
Джон Смэлт Корпоративтік байланыста департаменті, Лондон
Тел: +44 20 7901 7882
Тел: +44 78 7964 2675
Айрин Бэртон Қаржылық талдаушы, Лондон
Тел: +44 20 7901 7814
Мария Бабкина Корпоративтік байланыста департаменті, Лондон
Тел: +44 20 7901 7849
Мақсұт Жапабаев Корпоративтік байланыста департаменті, Алматы
Тел: +7 701 799 32 64
Зульфира Мухамедьярова Корпоративтік байланыста департаменті,
Астана
Тел: +7 7172 557669
цитата соңы
[2013-11-11]