"Bank RBK" Банкі" АҚ (Қазақстан) өзінің KZP01Y03E462 (KZ2C00001998, INBNb1) облигациялары бойынша 1-ші купонын төлегені туралы хабарлады

11.11.13 17:14
/KASE, 11.11.13/ – "Bank RBK" Банкі" АҚ (Алматы) 2013 жылдың 07 қарашасында өзінің KZP01Y03E462 (KZ2C00001998, (KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, INBNb1) облигациялары бойынша 1-ші купондық сыйақысын төлегені туралы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 278 800 000,00 теңгені құрады. [2013-11-11]