S&P Несиелік рейтингтер қызметі "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамының (Қазақстан) жоспарланған облигацияларына рейтингілік баға берді

11.11.13 11:59
/Standard & Poor's, Мәскеу, 08.11.13, ағылшын тілінен Standard & Poor's аудармасы, KASE тақырыптамасы/ – Standard & Poor's Служба Несиелік рейтингтер қызметі "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ жоспарланған артықшылықты (алғы) қамтамасыз етілмеген облигацияларына (АКК; ВВ+/Тұрақты/В; ұлттық шкала бойынша рейтингі: kzAА-), көлемі 10млрд теңге (65 млн АҚШ долларына жуық), 2013 жылдың желтоқсанында шығады деп күтілуде, ұзақ мерзімді несиелік рейтингін "ВВ+" деңгейінде және ұлттық шкала бойынша рейтингін "kzAА-" деңгейінде белгіледі. АКК – Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық аудандарында жұмыс жасайтын, аграрлық және аграрлық емес кәсіпорындарға субсидияланған несиелер беретін, мемлекеттік компания. Осымен АКК, көлемі 30 млрд теңгені құрайтын, екінші облигациялық бағдарламасы шегінде облигацияларды шығарып отыр. Облигацияларды айналыста болу мерзімі – 3 жыл; шығарылым 7% тиянақталған пайыздық мөлшерлемесін және айналыста болу мерзімі бойы әр жарты жыл сайын купондық төлемдерін қарастырады. Облигациялардың рейтингтері эмитенттің рейтингтерін көрсетеді. АКК рейтингтері компанияның меншікті несиеге қабілеттілігінің ("b+") сипаттамаларын бағалауға негізделген және қаржылық күйзеліс жағдайында Қазақстан Үкіметі тарапынан уақытылы және жеткілікті шұғыл көмек "жоғарғы"мүмкіншілігі туралы біздің пікірімізді ескереді. Жетекші несиелік талдаушы: Борис Копейкин, Москва, (7) 495-783-4062; boris.kopeykin@standardandpoors.com Екінші байланыс: Роман Рыбалкин, Москва, (7) 495-783-4094; roman.rybalkin@standardandpoors.com [2013-11-11]