/ТҮЗЕТІЛДІ/ Қазан айында Биржада акциялармен мәміле жасаған жеке тұлғалардың саны 7 % төмендеді
11.11.13 10:06
/KASE, 11.11.13, екінші абзацтағы сауда-саттықтардың брутто-
айналымының өсу көрсеткіші түзетілуіне байланысты қайта жарияланады/ –
2013 жылдың қазан айында Қазақстан қор биржасында (KASE)
акциялармен мәміле жасаған жеке тұлғалардың саны алдыңғы айға
қарағанда 7 % төмендеді.
Алдыңғы айға қарағанда акциялармен жалпы брутто-айналым мәмілелері
2,3 есе артып, 17,4 млрд теңгені (сауда-саттық көлемі – 8,7 млрд теңге)
құрады.
Сауда-саттық көлемінің өсуі "Матен Петролеум" АҚ (Алматы) KZ1C58290012
(KZ1C00000868, KASE ресми тізімі, үшінші санат, MATN) жай акцияларымен
ірі мәмілемен 6,1 млрд теңге көлемінде қамтамасыз етілген.
Сонымен, жеке тұлғалардың шотынан жасалған мәмілелердің үлесі
акциялармен жалпы брутто-айналым сауда-саттығында 84,0 % құрады –
ағымдағы жылдың көрсеткішінің ең үлкен мәні.
Айдың аяғында "Бағалы қағаздардың орталық депозитариі" АҚ (Алматы,
одан әрі – ОД) мәліметтері бойынша жеке тұлғалардың атына ашылған жеке
шоттардың жалпы саны 55 876 жетті, ол алдыңғы айдың соңына қарағанда
99 санға артқандығын көрсетеді және ағымдағы жылдың басына қарағанда
3 570 санға артқан.
Төменде Биржадағы акциялармен сауда-саттыққа қатысушы ОД шот ашқан
биржадағы акциялармен сауда-саттыққа қатысушы, сондай есеппен
акциялармен сауда-саттықтың брутто-айналымы, сондай-ақ акциялармен
сауда-саттық брутто айналымындағы жалпы мәміле үлесі туралы жеке
тұлғалардың санының өсу қарқыны туралы ақпарат берілген. Ақпарат
аталған айдың соңында нәтижелер бойынша ұсынылған.
-----------------------------------------------------------------------------
ОД шоттары Мәмілелер саны* Брутто-айналым, Жалпы
2013 жылдың айлары млрд теңге* брутто
айналымдағы, %*
------------------ ---------- --------------- --------------- ---------------
қаңтар 52 231 1 096 8,0 48,3
ақпан 52 371 954 3,1 47,9
наурыз 52 706 662 2,1 38,5
сәуір 53 312 839 15,6 43,8
Мамыр 54 369 726 2,5 52,3
Маусым 54 909 795 3,8 44,8
Шілде 55 234 1 036 3,2 32,6
тамыз 55 535 841 2,4 54,8
қыркүйек 55 777 765 3,3 44,0
қазан 55 876 711 14,6 84,0
-----------------------------------------------------------------------------
*арнайы-мамандандырылған сауда-саттықты қоспағанда.
[2013-11-11]