Bank of America Corporation (АҚШ) US0605051046 (US_BAC_) жай акциялары 07 қарашадан бастап KASE ресми тізіміне екінші санат бойынша енгізілді

07.11.13 17:22
/KASE, 07.11.13/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2013 жылдың 04 қарашасындағы шешімімен Bank of America Corporation (Шарлотта қ, АҚШ) US0605051046 жай акциялары KASE ресми тізіміне екінші санат бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімі 2013 жылдың 07 қарашасынан бастап, аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағының шартарын орындауына байланысты, өз күшіне енді. Аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. Bank of America Corporation тіркеушісі The Bank of New York Mellon (Нью- Йорк, АҚШ) болып табылады. Аталмыш акцияларға US_BAC_ қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Осы аталған акциялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/us_bac мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-11-07]