2013 жылдың 09 желтоқсанында "Батыс транзит" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің жалпы жиналысы болады

06.11.13 11:10
/KASE, 06.11.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Батыс транзит" АҚ (Алматы) биржаға (KASE) 2013 жылдың 09 желтоқсанында сағат 12:00 –де акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болатыны туралы хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе 2013 жылға "Батыс транзит" АҚ аудиторлық қаржылық есептілігін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды анықтау мәселесі болып табылады. Аталмыш жиналыс: Алматы қ, Шевченко көшесі, 162ж, каб. 401 мекен- жайында өтеді. [2013-11-06]