Bank of America Corporation (АҚШ) US0605051046 (US_BAC_) жай акциялары екінші санат бойынша биржада листинг процедурасынан өтті

05.11.13 18:46
/KASE, 05.11.13/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2013 жылдың 04 қарашасындағы шешімімен Bank of America Corporation (Шарлотт қ., АҚШ) US0605051046 жай акциялары KASE ресми тізіміне екінші санат бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енетін күні туралы,аталған акцияларды шығару бастамшысы аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады. KASE аталмыш акциялардың сауда-саттығы ашылуы туралы қосымша хабарланады. Bank of America Corporation жарияланған жай акцияларының саны 12 800 000 000 дана болып табылады. Bank of America Corporation тіркеушісі The Bank of New York Mellon (Нью- Йорк, АҚШ). Аталмыш облигацияларға қысқартылған (сауда коды) US_BAC_. Берілді. Bank of America Corporation негізгі қызметі – тұтынушыларға, шағын және орта бизнес субъектілеріне және ірі корпорацияларға инвестициялау, активтерді басқару, сондай-ақ тәуекелді басқару саласында басқа да өнімдер мен қызметтерді ұсыну болып табылады. Осы облигациялардың шығарылымы туралы нақтырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін, KASE веб-сайтында жарияланады. [2013-11-06]