"Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ "Альфа-Банк" Еншілес Банкі АҚ KZP02Y05С980 (KZ2C00002434, ALBNb3) облигациялары бойынша биржада маркет-мейкері мәртебесі берілді

05.11.13 16:40
/KASE, 05.11.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2013 жылдың 04 қарашасындағы шешімімен, "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ (Алматы) өтініші негізінде "Альфа-Банк" Еншілес Банкі АҚ KZP02Y05С980 (KZ2C00002434, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ALBNb3; 1 000 теңге, 4,5 млрд теңге; 04.11.13 – 04.11.18, жартыжылдық купон, жылдық 7,00 %, 30/360) облигациялары бойынша биржада маркет-мейкері мәртебесі берілді: Маркет-мейкер өзінің міндеттемелерін орындауға аталмыш облигациялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап кірісуі қажет. [2013-11-05]