"Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ (Қазақстан) KZP01Y03E546 (KZ2C00002442, HCBNb1) облигациялары 05 қарашадан бастап KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

05.11.13 16:46
/KASE, 05.11.13/ – Бұдан бұрын жарияланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2013 жылдың 31 қазанындағы шешімімен KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ (Алматы) KZP01Y03E546 (KZ2C00002442; 1 000 теңге, 7,0 млрд теңге; 05.11.13 – 05.11.16, жартыжылдық купон, жылдық 8,50 %, 30/360) облигациялары енгізілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы шарттарды орындауына байланысты, 2013 жылдың 05 қарашасынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигацияларды ұстаушылардың өкілдері Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес Банкінің қаржылық кеңесшісі Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) HCBNb1 берілген. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/hcbn мекен-жайы бойынша жарияланады. [2013-11-05]