"Альфа-Банк" Еншілес Банкі" АҚ (Қазақстан) KZP02Y05С980 (KZ2C00002434, ALBNb3) облигациялары 04 қарашадан бастап KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

04.11.13 15:26
/KASE, 04.11.13/ – Бұдан бұрын жарияланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2013 жылдың 31 қазанындағы шешімімен KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "Альфа-Банк" Еншілес Банкі" АҚ (Алматы) KZP02Y05С980 (KZ2C00002434; 1 000 теңге, 4,5 млрд теңге; 04.11.13 – 04.11.18, жартыжылдық купон, жылдық 7,00 %, 30/360) облигациялары енгізілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2 тармақшасындағы шарттарды орындауына байланысты, 2013 жылдың 04 қарашасынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигацияларды ұстаушылардың өкілдері "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) ALBNb3 берілген. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/kz/emitters/show/albn мекен-жайы бойынша жарияланады. [2013-09-30] [2013-07-01]