Листингілік комиссия 31 қазан күні "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигацияларын KASE ресми тізімінің "буферлік санат" санатына ауыстыру үшін негіздерді жою бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдады

01.11.13 17:24
/KASE, 01.11.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 30 қазанындағы шешімімен "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы) KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, DTJLb1; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге, 02.08.05 - 02.08.28; инфляция деңгейімен индекстелген жылдық купон, жылдық ағымдағы купондық кезеңге 6,35 % жарты жылдық купон; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің "буферлік санаты" санатына ауыстыруға негіздерді жою бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдады. 2013 жылдың 23 қазанындағы KASE тұжырымдамасында "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ аталмыш облигациялары бойынша жетінші купондық сыйақысын (2012 жылдың 02 тамызынан 2012 жылдың 01 тамызына дейін) төлеуде жартылай дефолтқа жол бергені туралы мәлімденген. Алматы қаласы Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі Төрағасының 2008 жылдың 08 мамырындағы "Алматы қаласы Өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда-саттық алаңына енгізуге ұсынылатын бағалы қағаздар эмитенттеріне және осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар" # 04.2-09/119 бұйрығына Қосымшасының 13-5 тармағына сәйкес "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ 2013 жылдың 26 қыркүйегінде биржаға оның облигацияларын KASE ресми тізімінің "буферлік санаты" санатына ауыстыруға негіздерді жою бойынша іс-шаралар жоспарын ұсынды Аталмыш Қосымшаның 13-1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес Листингілік комиссиясының айтылмыш шешімін бекіту мәселесі KASE Биржалық кеңесінің отырысында қаралды. [2013-11-01]