"Альфа-Банк" Еншілес Банкі АҚ KZP02Y05С980 (KZ2C00002434, ALBNb3) облигациялары биржада "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

31.10.13 17:29
/KASE, 31.10.13/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2013 жылдың 26 қыркүйегіндегі шешімімен "Альфа-Банк" Еншілес Банкі АҚ (Алматы) KZP02Y05С980 (KZ2C00002434; 1 000 теңге, 4,5 млрд теңге; 5 жыл, жартыжылдық купон, жылдық 7,00 %, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында 2 тармақшасында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржы нарығы жіне қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің 2008 жылғы 20 ақпанындағы жалпы сомасы 12,0 млрд теңгеге тіркеген, биржада листинг процедурасынан өткен "Альфа-Банк" Еншілес Банкі АҚ аталған эмитенттің "ішкі" облигацияларының үшінші шығарылымы болып табылады. Аталмыш облигациялардың ұстаушылары "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған белгісі (сауда коды) ALBNb3 берілген. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін KASE веб-сайтында жарияланады. [2013-10-31]