"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Қазақстан) "Самұрық-Энерго" АҚ 7,1 млрд теңгеге өз акцияларын сатып алғаны туралы хабарлады

31.10.13 12:24
/KASE, 31.10.13/ – Облигациялар Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Алматы) биржаға (KASE) ресми хатпен төмендегіні хабарлады: "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (одан әрі – "АЖК" АҚ) жалғыз акционері "Самұрық-Энерго" АҚ жалпы сомасы 7 085 150 800 теңгеге 13 625 290 (он үш миллион алты жүз жиырма бес мың екі жүз тоқсан) дана акцияны сатып алу туралы мәміленің аяқталғаны туралы хабарлады. Осы хабарламаның толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1204822 мекен-жайында танысуға болады. [2013-10-31]