АНОНС: 2013 жылдың 30 қазанында "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Қазақстан) 2013 жылдың тоғыз айына арналған өндірістік және қаржы қызметінің қорытындысы бойынша баспасөз-брифингін өткізеді
29.10.13 14:20
/KASE, 29.10.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ
(Астана) биржаға (KASE) баспасөз-хабарламасын ұсынды.
2013 жылдың 30 қазанында сағат 11:00-де "Самұрық-Қазына" АҚ
Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі Нұрлан Құсайынұлы
Рахметовтің баспасөз-брифингі өтеді.
Іс-шарада Қордың 2013 жылдың тоғыз айына арналған өндірістік
және қаржы қызметінің қорытындысы туралы ақпарат ұсынылады.
Іс-шараның өтетін орны: Астана қ, Қонаев көшесі 8, "Б" блогы, 42-ші қабат.
Журналистердің тізімін іс-шараға аккредитациялау үшін 29 қазан күні сағат
17:00-ге дейін берулеріңізді сұраймыз.
"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ
Қоғамдық байланыс департаменті
+7 (7172) 55-41-14; + 7 (777) 777 72 89
[2013-10-29]