"Самұрық - Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2013 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
28.10.13 09:15
/KASE, 28.10.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Самұрық - Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ
(Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім
жүйесінің 2013 жылдың 01 қазанындағы жағдайы бойынша үзінді
көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C57040012 жай акцияларының жалпы
саны 3 500 000 000 дана;
- компанияның 3 481 526 139 акциялары орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес
және одан да көп пайыз орналастырылған акцияларына иеленген
жалғыз тұлға Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің мүлік және жекшелендіру комитеті болып
табылады.
[2013-10-28]