"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2013 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
28.10.13 17:44
/KASE, 28.10.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан әрі –
компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушыларының тізілім жүйесінің
2013 жылдың 01 қазанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін
ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C05340019 жай акцияларының жалпы
саны 147 364 847 дана, артықшылықты KZ1P05340115 акцияларының
саны – 1 250 дана;
- компанияның 142 315 508 жай акциялары және барлық артықшылықты
акциялары орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және
одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға
"Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) болып табылады.
[2013-10-28]