"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Қазақстан) 25 қазанда дейін өзінің KZP01Y03D951 (KZ2C00001352, AGKKb2) 600,0 мың облигация және KZP02Y03D959 (KZ2C00001899, AGKKb3) 536,1 мың облигацияларын Қазақстан қор биржасында орналастыру туралы хабарлады

25.10.13 18:21
/KASE, 25.10.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана) биржаға (KASE) ресми хатпен төмендегіні хабарлады. "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (одан әрі – Банк) 2013 жылдың 25 қазанында биржада банктің KZP01Y03D951 (KZ2C00001352, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, AGKKb2; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 29.06.11 – 29.06.14; жартыжылдық купон, жылдық 8,00%; 30/360) және KZP02Y03D959 (KZ2C00001899, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, AGKKb3; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 05.12.12 – 05.12.15; жартыжылдық купон, жылдық 7,00; 30/360) екі шығарылымын алғаш орналастыруы туралы хабарлайды. Орналастыру "Бағалы қағаздардың орталық депозитариі" АҚ бағалы қағаздарын есепке алу үшін Эмитенттің қосымша шотынан, бағалы қағаздар бойынша негізгі сессия аясында орындалады. Эмитенттің KZP01Y03D951 (KZ2C00001352, AGKKb2) облигациялары шығарылымын алғашқы орналастыру номиналдық көлемі 600,00 млн. теңге 600 000 облигация көлемінде орындалды. Эмитенттің KZP02Y03D959 (KZ2C00001899, AGKKb3) облигациялары шығарылымын алғашқы орналастыру номиналдық көлемі 536,11 млн. теңге 536 112 облигация көлемінде орындалды. Эмитенттің аталмыш шығарылым облигацияларын орналастыру бойынша андеррайтері ретінде "Halyk Finance" АҚ және "BBC Invest" АҚ болды. [2013-10-285