"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2013 жылдың 01 қазандағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
16.10.13 12:12
/KASE, 16.10.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана, бұдан әрі –
компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің
2013 жылдың 01 қазандағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C51460018, KZ000A0KEZQ2 жай
акцияларының жалпы саны 70 220 935 дана, артықшылықты
KZ1P51460114, KZ000A0RMTC3 акциялар саны – 4 136 107 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компания өзінің 2 527 860 жай акциясын және 2 073 276 артықшылықты
акциясын қайта сатып алды;
- "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы)номиналды
ұстауында компанияның 24 227 914 жай акциясы бар (компанияның
орналастырылған барлық акцияларының жалпы санында 32,58 %);
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және
одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) болып табылады, оның
иелігінде компанияның 43 087 006 жай акциялары (компанияның
орнылыстырылған акцияларының жалпы санынан 57,95 % немесе
орналастырылған компанияның жай акцияларының 61,36 %) бар.
[2013-10-16]