"Баян Сұлу" АҚ (Қазақстан) өзінің 1,9 млрд теңге мүлкін кепілдікке бергені туралы хабарлады
12.10.13 18:19
/KASE, 12.10.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде
тұрған (KASE) "Баян Сұлу" АҚ (Қостанай) биржаға (KASE) төмендегі
баспасөз хабарламасын ұсынды:
цитата басы
"Баян Сұлу" акционерлік қоғамның бес және одан да көп пайыз активтерін
құрайтын мүлкін кепілдікке (қайта кепілдікке беру) туралы ақпарат:
1) эмитенттің мүлкін кепілдікке беру (қайта кепілдікке беру) туралы
эмитенттің шешім қабылдауы: 2013 жылдың 25 қыркүйегі,
Директорлар кеңесінің №17 хаттамасы;
2) эмитенттің мүлкін кепілдікке беру (қайта кепілдікке беру) күні және
мерзімі: айналымдағы товар айналымы кепілдігі келісімшарты 2013
жылдың 28 қыркүйегі № 1201/13/91; 2019 жылдың 10 қаңтарына
дейін;
3) эмитенттің мүлкін кепілдікке (қайта кепілдікке беру) беретін мүлік құны
1 906 652 621 (бір миллиард тоғыз жүз алты миллион алты жүз елу
екі мың алты жүз жиырма бір) теңге;
4) акционерлік қоғамның мүлкін кепілдікке (қайта кепілдікке беру) күні: 2012
жылдың 08 қарашасы және 06.12.2012 жыл;
5) кепілдікке берілетін (қайта берілетін) мүлік құнының пайыздық қатынасы,
осы акционерлік қоғамның жалпы құнына: 10.8%.
цитата соңы
[2013-10-12]