"Самұрық-Энерго" АҚ (Қазақстан) Басқарма құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады

12.10.13 17:45
/KASE, 12.10.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) биржаға (KASE), 2013 жылдың 12 қазанындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы "Самұрық-Энерго" АҚ Директорлар кеңесінің шешімі негізінде (2013 жылдың 10 қазанындағы №78 хаттама) "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма Төрағасының бұйрығымен төмендегідей тағайындаулар жүргізілді: - Бұрынғы қызметі "Генерация" дивозионы басқарушы директоры лауазымынан босатып, "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына Ли Валерий Константинович; - Бұрынғы қызметі Корпоративтік басқару бойынша басқарушы директор лауазымынан босатып, Қайрат Берікұлы Мақсұтовты "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалсын. "Самұрық-Энерго" АҚ Директорлар кеңесінің бұйрығымен Жомарт Байзақұлы Момынбаев бұрынғы атқарған лауазымы Басқарма төрағасының кеңесшісінен босап, Корпоративтік басқару бойынша басқарушы директор лауазымына тағайындалсын. цитата соңы [2013-10-12]