"Қазақстан Даму банкі" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2013 жылдың 01 қазанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

10.10.13 17:13
/KASE, 10.10.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму банкі" АҚ (Астана, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2013 жылдың 01 қазанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған KZ1C47810011 жай акцияларының жалпы саны 2 119 519 дана; - банктің 2 069 520 акциясы орналастырылған; - банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға сәйкесінше жалғыз акционері "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ болып табылады. [2013-10-10]