2013 жылдың 30 мамырына белгіленген "Рахат" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі сұрағының тұжырымдамасына өзгерту енгізілді

04.05.13 12:44
/KASE, 04.05.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Рахат" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға 2013 жылдың 30 мамырында сағат 16:00-де болады деп белгіленген, компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы күн тәртібінің алтыншы сұрағының тұжырымдамасына өзгерту енгізілді: аталмыш жиналыстың күн тәртібі, өзгертуді қосқанда: - компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы; - есептеу комиссиясы мүшелерін бекіту туралы; - компанияның Директорлар кеңесінің және Басқармасының 2012 жылдағы жұмысы туралы есеп берушілігін бекіту туралы; - 2012 жылға компанияның аудит жүргізілген шоғырландырылған қаржылық есеп берушілігін бекіту туралы; - компания акционерлерінің 2004 жылдың 25мамырындағы "Акциялардың эмиссиясы туралы" шешімін жою туралы; - акционерлердің компания және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне шағымдары туралы. Жиналыс: Алматы қ., Зенков көш., 2а мекен-жайы бойынша өткізіледі. Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2013 жылдың 20 мамырындағы жағдай бойынша құрастырылады. [2013-05-04]