ҚҰБ ҚҚК "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ (Қазақстан) KZP01Y07D887 (KZ2C00001766, LARIb2) облигацияларын орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

03.05.13 11:54
/KASE, 03.05.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ (Алматы), биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2013 жылдың 29 сәуіріндегі ескерту хатының көшірмесін ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес ҚҰБ ҚҚК "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ KZP01Y07D887 (KZ2C00001766, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, LARIb2; 1 теңге, 10,0 млрд теңге, 16.07.12 – 16.07.19; жылдық 8,00 % жарты жылдық купон; 30/360) облигацияларын орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті. ҚҰБ ҚҚК ескертпе хатына сәйкес аталмыш облигациялардың 2013 жылдың 16 қаңтарына 1 006 000 000 данасы орналастырылған. Аталмыш облигацияларды орналастыру нәтижелері туралы есеп берушілік KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/LARI/lari_razmb2_290413.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-03-05]