"AsiaCredit Bank" (АзияКредит Банк) АҚ (Қазақстан) мүдделі мәміле жасасуды көздегені туралы хабарлады

03.05.13 11:47
/KASE, 03.05.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "AsiaCredit Bank" (АзияКредит Банк) АҚ (Алматы), биржаға жолдаған ресми хатында, мүдделі мәміле жасасуды көздегені туралы хабарлады: 1) акционерлік қоғам органының мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған күні – Директорлар кеңесінің 2013 жылдың 26 сәуіріндегі шешімі. 2) мәміле заты боып табылатын мүліктің құны – 7 000 (жеті мың) USD; 3) мүліктің соңғы бағалау датасы – қолданылмайды; 4) мәміле заты болып табылатын, мүліктің осы акционерлік қоғам активтерінің жалпы құнына пайыздық арақатынасы – 0,001428 %; 5) мәміленің негізгі елеулі шарттары – "Ең үздік таңдау" жеке тұлғаның банктік салымы туралы келісім-шарты және стандартты шарттармен жеке шотын ашу. 6) мәміленің жасалған күні – 29.04.2013ж. [2013-05-03]