KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Біріккен Корольдігі) Eurasian Resources Group B.V. оферта қабылдағаны туралы хабарлады

07.10.13 11:56
/KASE, 07.10.2013/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Лондон) биржаға (KASE) 2013 жылдың 04 қазананда баспасөз хабарламасын ұсынды. Қазақмыс тобы Eurasian Resources Group B.V. (Eurasian Resources) тарапынан оферта қабылдағаны, Kazakhmys PLC тиісті 26% пакетін сатып алғаны туралы хабарлады. Бұрын Қазақмыс оның тәуелсіз акционерлерінің мақұлдаған жағдайда, 2013 жылдың 2 тамызындағы жалпы жиналысының қорытындысы бойынша оферта қабылдау туралы міндеттеме берді. Kazakhmys PLC оферта шарты бойынша $887 млн қолма қол және 77 041 147 жеке акцияларын қабылдайды. Бұрын Қазақмыс тобы тәуелсіз акционерлеріне ENRC үлесін сақтау әлеуетті тәуекелдерін, сондай-ақ Топтың жалпы қаржы ережесін офертадан түскен қаржы есебінен нығайтуды ескере отырып, оферта қабылдауды ұсынды. [2013-10-07]