Қыркүйек айында Биржада акциялармен мәміле жасаған жеке тұлғалардың саны 9 % төмендеді

04.10.13 18:29
/KASE, 07.10.2013/ – 2013 жылдың қыркүйек айында Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялармен мәміле жасаған жеке тұлғалардың саны алдыңғы айға қарағанда 9 % төмендеді. Алдыңғы айға қарағанда акциялармен жалпы брутто-айналым мәмілелері 72 % артып, 7,5 млрд тенңге (сауда-саттық көлемі – 3,7 млрд теңге) құрады. Айдың аяғында "Бағалы қағаздардың орталық депозитариі" АҚ (Алматы, одан әрі – ОД) мәліметтері бойынша жеке тұлғалардың атына ашылған жеке шоттардың жалпы саны 55 777 жетті, ол алдыңғы айдың соңына қарағанда 242 санға артқандығын көрсетеді және ағымдағы жылдың басына қарағанда 3 471 санға артқан. Ағымдық жылдың басынан бері Қазақстанның бағалы қағздарының ұйымдасқан нарығындағы жұмыстар үшін ашылған жеке тұлғалардың жеке шоттарының саны 3,9 немесе 3 471 артты. Төменде Биржадағы акциялармен сауда-саттыққа қатысушы ОД шот ашқан биржадағы акциялармен сауда-саттыққа қатысушы, сондай есеппен акциялармен сауда-саттықтың брутто-айналымы, сондай-ақ акциялармен сауда-саттық брутто айналымындағы жалпы мәміле үлесі туралы жеке тұлғалардың санының өсу қарқыны туралы ақпарат берілген. Ақпарат аталған айдың соңында нәтижелер бойынша ұсынылған. ----------------------------------------------------------------------------- 2013 Жалпы брутто жылдың Мәмілелер Брутто-айналым, айналымдағы, айлары ОД шоттары саны* млрд теңге* %* ------------------ ---------- --------------- --------------- --------------- қаңтар 52 231 1 096 8,0 48,3 ақпан 52 371 954 3,1 47,9 наурыз 52 706 662 2,1 38,5 сәуір 53 312 839 15,6 43,8 Мамыр 54 369 726 2,5 52,3 Маусым 54 909 795 3,8 44,8 Шілде 55 234 1 036 3,2 32,6 тамыз 55 535 841 2,4 54,8 қыркүйек 55 777 765 3,3 44,0 ----------------------------------------------------------------------------- *арнайы мамандандырылған сауда-саттықты есептемегенде. [2013-10-07]