"Альфа-Банк" АҚ Еншілес Банкі өзінің 2012 жылдағы өз қызметінің нәтижелері туралы хабарлады

02.05.13 17:36
/KASE, 02.05.13/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшесі болып табылатын, "Альфа-Банк" АҚ (Алматы), биржаға 2013 жылдың 17 сәуірінде ұсынған баспасөз-мәлімдемесінде былай деп хабарлады: "Альфа-Банк" Банктік тобына кіретін "Альфа-Банк" ЕБ АҚ, өзінің 2012 жылдағы қызметі туралы қаржылық есеп берушіліктің халықаралық стандарттары (ҚЕХС) негізінде әзірленген нәтижелері туралы хабарлайды. ... 2012 жылы "Альфа-Банк" ЕБ АҚ активтері 32% ұлғайып, 98,8 млрд теңгеден 131 млрд теңгеге жетті. Есептік жылдағы меншікті капиталы 58% өсіп, 20,2 млрд теңгеге жетті. 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ссудалық қоржын 72% өсіп, 48,8 млрд теңгеден 83,9 млрд теңгеге жетті. "Альфа-Банк" пассивтерінің құрылымында клиенттердің қаржылары 38%-ға өсіп, 2012 жылдың соңында 91,7 млрд теңгеге жетті (2011 жылдың соңында 66,6 млрд теңге). 2013 жылдың басында Standard & Poor’s еһагенттігі банктің рейтингін ұлттық шкала бойынша kzВВВ деңгейінде растады. ... "Альфа-Банк" ЕБ АҚ қаржылық нәтижелері қаржылық есеп берушіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленді, аудитін PricewaterhouseCooper компаниясы жүргізді. [2013-05-02]