ҚҰБ ҚҚК "Bank RBK" Банкі" АҚ (Қазақстан) бірінші облигациялық бағдарламасы шығарылымының аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді

02.10.13 11:24
/KASE, 02.10.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Bank RBK" Банкі" АҚ (Алматы) бірінші облигациялық бағдарламасы шығарылымының аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулардың тіркелген көшірмесі мен алдында берілгеннің орнына 2013 жылдың 25 қыркүйегінде берілген бавғалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті бірінші облигациялық бағдарламасы шығарылымының аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді; - аталмыш куәлік банктің жарияланған акцияларының артуына байланысты ауыстырылды; - аталған облигациялардың шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А3545 нөмірімен енгізілді. - банктің жарияланған жалпы акцияларының саны 4 000 000 дананы құрайды, оның ішінде 3 500 000 – жай акциялар KZ1C35450010, 500 000 – артықшылықты акциялар KZ1P35450116; - 2013 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша банктің 1 000 000 жай және 450 000 артықшылықты акциялары орналастырылды, оның жарғылық капиталы 14 500 000 000 теңге көлемінде белгіленді. - Бірінші облигациялық бағдарламасы шығарылымының аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/INBN/inbnf9_izm_250913.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-10-02]